Қазақстандық шпагашылар Канадада өтетін әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM – Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Канада өтетін әлем кубогының кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық шпагашылар Канадада өтетін әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді
Фото: ҰОК

Жарыс 21-24 қараша аралығында Ванкувер қаласында жалауын көтереді. 

Құраманың намысын келесі спортшылар қорғайды.

1. Руслан Құрбанов

2. Эльмир Әлімжанов

3. Вадим Шарлаимов

4. Ерлік Сертай

5. Кирилл Павлов

Айта кетейік, бұған дейінгі әлем кубогы кезеңінде қазақстандықтар командалық жарыста 7-орын иеленген еді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан құрамасы семсерлесуден Швейцарияда өткен әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енгенін жазған едік.