Қазақстандық спортшылар Турин универсиадасына аттанды

АСТАНА. KAZINFORM – Италияда өтетін XXXII Дүниежүзілік қысқы универсиадаға қатысу үшін қазақстандық студент-спортшылардың бірінші тобы Астанадан аттанды.

Универсиада спортшылары Туринге аттанды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Универсиада қатысушыларын шығарып салу рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, ҚР Оқу-ағарту министрлігі «ҰҒПДТО» РМҚК бас директоры Арман Ташметов және БАҚ өкілдері қатысты.

Универсиадаға қатысатын спортшы студенттер
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

2025 жылғы 8 қаңтардан 9 қаңтарға қараған түні Туринге бірінші болып хоккей жарысы бойынша Қазақстан құрамасының өкілдері ұшты. Олардың ішінде қысқы универсиаданың ашылу салтанатында мемлекеттік туды алып шығатын хоккейші Абылайхан Сүлейменов те бар. 

Сондай-ақ 9 қаңтардан 10 қаңтарға қараған түні шаңғы жарысы бойынша 16 адам, парашаңғы жарысы бойынша 5 адам Қазақстан құрамасының атынан жол жүрді. 

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі еліміздің намысын қорғайтын спортшыларға қолдау білдіріп, сәт сапар тіледі.

Бұған дейін Шайбалы хоккейден қыздар құрамасының қарсыластары анықталғанын хабарладық.

Соңғы жаңалықтар