Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен Германиядағы турнирде алғашқы ойынын өткізді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен Германияда өтіп жатқан турнирде алғашқы матчтарын ойнады. 

Қазақстандықтар үстел теннисінен Германиядағы турнирде алғашқы ойынын өткізді
Фото: ҰОК

Дюссельдорфта (Германия) үстел теннисінен WTT Feeder Düsseldorf II 2024 халықаралық турнирі басталды. Бұл жарыста Қазақстан атынан Дастан және Айдос Кенжеғұловтар, Санжар Жұбанов, Анастасия Лаврова, Сарвиноз Миркадирова қатысып жатыр. 

Алғашқы матчтарын Санжар Жұбанов пен Дастан Кенжіғұлов өткізді. Санжар Жұбанов жапон спортшысы Хаяте Сузукиге 0:3 есебімен, ал Дастан Кенжіғұлов словакиялық Александр Валучқа 0:3 есебімен есе жіберді.

Бұған дейін италиялық теннисші Янник Синнер рекордтық көлемде табыс тапқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар