Қазақстандық студенттер Қытайда ел намысын қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері Бейжің би академиясының «Сұлулықпен үндестік: Би бойынша білім берудегі әлемдік алмасу» атты халықаралық көрсетіліміне қатысады, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігі.

балет
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Халықаралық жобаның бастамашысы — Бейжің би академиясы, ал іс-шара Би білімінің дүниежүзілік альянсы (World Dance Education Alliance) қолдауымен жүзеге асады.

— Dance Theatre сахнасында өтетін іс-шараға 38 елден 70-тен астам жетекші хореографиялық оқу орны қатысуда. Бейжің би академиясы жүргізген қатаң іріктеу нәтижесінде Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері үздік қатысушылардың қатарына еніп, Қазақстан атынан халықаралық сахнада өнер көрсету мәртебесіне ие болды, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Көрсетілім бағдарламасына П. И. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінен Аврора мен Дезиренің па-де-де нөмірі енген.

Мәдениет және ақпарат министрлігі атап өткендей, академия студенттерінің бұл халықаралық жобаға қатысуы қазақстандық балет өнерін әлемдік деңгейде танылуына ықпал етері анық.

Бұдан бұрын «Астана Опера» Оманда «Коппелия» балетін ұсынатынын жаздық.

Соңғы жаңалықтар