Қазақстандық суретші Golden Time Talent халықаралық байқауында бірінші орын алды

Қазақстандық суретші Golden Time Talent халықаралық байқауында бірінші орын алды
Фото: Әсемгүл Сүлейменова

Әсемгүл Сүлейменова британдық Golden Time Talent халықаралық байқауының «Кескіндеме» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Кескіндеме» номинациясына 30-дан астам елден 190 адам қатысты. Байқауда «Ана мен бала» туындысы үздік танылды.

«Жеңіске жеткенім туралы кеше білдім, басында тіпті сенбедім, бірақ түсінген кезде бөлісуді жөн көрдім. Мен бала кезімнен сурет саламын, балалар көркемсурет мектебін және «Шабыт» өнер университетін бітірдім», - дейді Әсемгүл. 

Қазақстандық суретші Golden Time Talent халықаралық байқауында бірінші орын алды
Фото: Әсемгүл Сүлейменова

Суретші коммерциялық жобалар үшін әртүрлі техника мен стильде жұмыс істейді. Дегенмен жеңімпаздың жұмысынан ұлттық ерекшелік элементтерін жиі көруге болады.

Бұған дейін «Ана мен бала» картинасы Әсемгүл көрмесінің негізгі бөлігі ретінде жақсы пікірге ие болған.

«Кейінгі кезде байқауларға қатыса бермеймін. Бұл байқауға қатысу туралы шешім кенеттен қабылданды. Жазда көрмем өткенде, авторлық картиналар сериясын салдым. Орталық экспонат «Ана мен бала» картинасы болды. Мен оның адамдарға қатты ұнағанын, жұрт одан көз алмағанын байқадым. Мұндай байқаудың өтіп жатқанын көріп, бірден қатысуға өтінім беруді шештім», - деп бөлісті жеңімпаз. 

Соңғы жаңалықтар