14:41, 28 Мамыр 2025 | GMT +5
Қазақстандық таеквондошылар Гран-при турнирінің бірінші кезеңіне дайындықты бастады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы таеквондодан (WT) АҚШ-та өтетін Гран-при турнирінің бірінші кезеңіне дайындықты бастады. Бұл туралы ҰОК хабарлады.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, қазіргі уақытта ұлттық құрама Иран командасымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Жаттығу жиындары Тегеран қаласында (Иран) өтуде.
Жиынға құраманың көшбасшы спортшыларын қоса алғанда, 20 таеквондошы бағын сынайды.
Оқу-жаттығу жиыны 5 маусымға дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, Таиландтағы турнирде қазақстандық тағы төрт боксшы жартылай финалға шыққанын жазған едік.