Қазақстандық таэквондошылар халықаралық турнирлерде 8 медаль алды
АСТАНА. KAZINFORM — Таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы АҚШ пен Аустрияда өткен бәсекелерде 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

Аустрияның Инсбрук қаласында өткен Austrian Open турнирінде Азиза Қаражанова (53 келі) мен Бейбарыс Қабылан (87 келіден жоғары) чемпион атанса, Айдана Сүндетбай (53 келі) күміс, Нұрқанат Қожахмет (87 келі), Мерген Ғаниев (80 келі) қола медальға қол жеткізді.
Ал АҚШ-тың Шарлотт қаласында болған Гран-при турнирінде қоржынға бір күміс, екі қола жүлде түсті. Атап айтқанда, Нодира Ахмедова (49 келі) екінші орын алса, Тамерлан Тілеулес (58 келі), Батырхан Төлеуғали (80 келі) үздік үштіктен көрінді.
Айта кетсек, АҚШ-та жүлде алған спортшылар 2026 жылы Римде (Италия) өтетін Гран-при турниріне жолдама иеленді.
Айта кетсек, Аустрияда өткен турнирде ел құрамасы сапында Азиза Қаражанова (53 келі), Айдана Сүндетбай (53 келі), Мария Севостьянова (57 келі), Камила Аймұқашева (62 келі) жарыс жолына шықты.
Сондай-ақ Бекзод Қадырқұлов (54 келі), Артур Серік (54 келі), Изят Касанов (63 келі), Бекасыл Ергеш (74 келі), Мерей Мәлік (74 келі), Мерген Ганиев (80 келі), Мейір Нұрғазин (87 келі), Нұрқанат Қожахмет (87 келі), Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары), Бауыржан Хасенов (87 келіден жоғары) ел намысын қорғады.
Ал АҚШ-та Қазақстан намысын 7 таеквондошы қорғады. Олардың қатарында Темірлан Тілеулес (58 келі), Бектөре Оралханов (58 келі), Төлеуғали Батырхан (80 келі), Нұрбек Газез (68 келі), Нұрай Хұсайынова (67 келі), Нодира Ахмедова (49 келі), Рита Бәкішева (49 келі) бар.