Қазақстандық таеквондошылар Оңтүстік Кореядағы турнирдің финалында бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таеквондодан "World Taekwondo Diamond Game" турнирі өтіп жатыр.

а
Фото: Kazinform

Әйелдер арасындағы командалық сайыста өнер көрсететін Аида Тәукенова мен Камила Аймукашева финалға жолдама алды.

Отандастарымыз жартылай финалда Индонезия құрамасымен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы финалдық жекпе-жекте Марокко құрамасымен алтын жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар