Қазақстандық таеквондошылар Сербиядағы жарысты сәтті аяқтады
АСТАНА. KAZINFORM - Таекводондан Қазақстан жасөспірімдер және жастар құрамасы Сербияда өткен Serbia Open G1 халықаралық жарысын сәтті аяқтады.

Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықаралық жарыста жастар құрамасы 4 алтын, 1 қола жүлде еншіледі. Сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасы медаль кестесінде жалпыкомандалық есепте көш бастады.
Жастардан Нұрперзент Саматұлы (48 келі), Тасқын Теміржан (51 келі), Қанат Рахымберді (68 келі), Егор Шаптефраць (78 келіден жоғары) чемпион атанса, Бекет Болатұлы (73 келі) қола жүлдеге қол созды.
Ал жасөспірімдер құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Хамзальпер Ромашкин (61 келі), Диас Байдуллаев (33 келі) алтын алса, Руслан Стацина (37 келі) күміс, Ерсұлтан Оразбекұлы (49 келі), Сұлтанмұхаммед Розиев (45 келі) және Мирас Есенгелдин (65 келі) үздік үштікке тұрақтады.
Турнирге әлемнің 30-ға жуық елінен барлығы 800-ден астам спортшы қатысты.
Айта кетерлігі, бұл 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты нәтижесінде жасақталған жаңа құрам үшін алғашқы халықаралық жарыс болды. Спортшылар жарысқа Түркістан облысында өткен оқу-жаттығу жиынында дайындығын пысықтады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан үстел теннисінен Чехияда өтетін халықаралық турнирге аттанды.