Қазақстандық тағы екі боксшы Нидерландтағы турнирде алтын медальға таласады
АСТАНА. KAZINFORM - Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде тағы қазақстандық екі боксшы финалға шықты.

Ел құрамасынан Ерасыл Жакпеков (80 келі) жартылай финалда даниялық 20 жастағы спортшы Иде Силаспен қолғап түйістірді. Төрешілер бірауыздан шешімімен жеңіс Ерасылға берілді.
Сондай-ақ қазақстандық тағы бір былғары қолғап шебері Дәулет Төлемісов (85 келі) финалға жолдама алды. Ол жартылай финалда бельгиялық Идрис Леганасты орта жолда қалдырды.
Айта кетсек, бұған дейін Абылайхан Жүсіпов (70 келі) пен Даниял Сәбит (50 келі) финалға жолдама алды.
Сондай-ақ ел құрамасынан Ертуған Зейнуллинов (65 келі) пен Сабыржан Аққалықов (75 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.
Халықаралық турнир 6-9 маусым аралығында өтеді.
Айта кетсек, дүбірлі додаға еліміздің атынан 10 боксшы аттанған еді. Олардың арасынан ертерек Махмұд Сабырхан (55 келі), Ерхан Тұрдан (60 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі) жарыс жолынан шығып қалды.