Қазақстандық телеарналар XXV қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM — 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д-Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қалай билет сатып алуға болады
Фото: ҰОК

Төртжылдықтың басты додасы «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «Jibek Joly» республикалық арналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.​​​​

Ақ ойындарда 8 спорт түрінен 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бүгінде Қазақстан үш спорт түрі — шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанаудан олимпиадалық квоталардың иегері атанды.​​

Қысқы Олимпиадалар тарихында тұңғыш рет жарыстарды ресми түрде қос қала қабылдайды. Италия төрінде 100-ге жуық елдің 3000 спортшысы өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр. ​​​​​

Олимпиада кезінде түсірілім топтары дүбірлі додадан эксклюзивті хабар таратады. Сонымен қатар «Qazaqstan» мен «Qazsport» арналарынан күн сайын «Олимпиада күнделігі», «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде «Милан — Кортина 2026» студиялық бағдарламасы көрерменге жол тартады.

Бұдан бұрын алматылық алты спортшы қысқы Олимпиадаға жолдама алғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар