Қазақстандық телескоп Испания мен Өзбекстан обсерваторияларында орнатылады

  АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстандық телескоптар шетелдік обсерваторияларда орнатылады.

а
Фото: Роман Турвентур

Бұл туралы Kazinform агенттігінің тілшісіне Алматыдағы Фесенков атындағы астрофизика институтының инженер-зерттеушісі Максим Кругов сұхбат барысында айтты.

а
Фото: М.Круговтың жеке мұрағатынан

Оның сөзінше, қазіргі уақытта «Астротехприбор» компаниясымен бірлесіп, Испанияның Тейде обсерваториясында диаметрі 115 сантиметр болатын телескоп, сондай-ақ Өзбекстанның Майданақ обсерваториясында 80 сантиметрлік телескоп орнатылып жатыр.

— Бұл — қазақстандық телескоптар желісін дамытуға бағытталған бір тізбектің бөлігі. Мекенжайлар Жердің айналуын ескере отырып таңдалды, бұл бақылаудың үздіксіз болуын қамтамасыз етуге және астрономиялық нысандарға мониторинг жасау барысында олқылықтардың болмауына мүмкіндік береді, — деді ол.

а
Фото: Роман Турвентур

Одан бөлек маман Алматы маңында орналасқан Ассы обсерваториясы да қарқынды түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

— 2030 жылға қарай «Астрохаб» жобасы аясында әртүрлі ғылыми топтарға арналған жүзден астам телескоп орнатуды жоспарлап отырмыз. Жұмысқа қазақстандық студенттер мен институт қызметкерлерін белсенді түрде тарту көзделіп отыр, — деді Максим Кругов.

Айта кеткен жөн, Тейде обсерваториясы 1964 жылы Тенерифе аралында, теңіз деңгейінен 2400 метр биіктікте құрылған. Ол өңірдің бірегей астроклиматтық жағдайларының арқасында әртүрлі мемлекеттер өз телескоптарын орнатқан алғашқы халықаралық обсерваториялардың бірі болды.

Казахстанские телескопы появятся еще в двух странах
Фото: Роман Турвентур

Ал Майданақ обсерваториясы 1970 жылы Майданақтың батыс бөлігінде, Шахрисабзадан оңтүстікке қарай 45 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 2650 метр биіктікте негізі қаланған. Ол атмосфералық жағдайларының жоғары сапасымен және географиялық орналасуымен танымал.

Еске салайық, бұған дейін Ассы-Түрген обсерваториясы Starlink-ке қосылатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар