Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің финалында ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева жұптық сында Остин (АҚШ) ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты. 

Соня Жиенбаева
Фото: ҚР ҰОК

Соня Жиенбаева америкалық Саванна Бродуспен бірге жартылай финалда венесуэлалық София Елена Кабезас Домингес — америкалық Ерин Кайетаномен ойнады.
Бірінші партияда қазақстандық-америкалық жұп айқын басымдылық танытты — 6:1. Олар екінші сетте де есесін жібермеді — 6:4.

Бәсеке 1 сағат 14 минутқа созылды.

Соня Жиенбаева — Саванна Бродус финалда америкалықтар Виктория Осигве — Алана Смитпен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 жарысында жартылай финалға дейін жетті.

Аружан мысырлық Ясмин Эззатпен бірге жартылай финалда германиялық Карла Бартель — чехиялық Амели Хейтманковаға есе жіберді — 6:7 (5:7), 4:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына жолдама алғанын жазған едік

Сондай-ақ Елена Рыбакина бірегей табысымен Гиннестің рекордтар кітабына екінші рет енді.

Соңғы жаңалықтар