Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева жұптық сында Остин (АҚШ) ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық спортшы америкалық Саванна Бродуспен бірге алғашқы айналымда тартысты ойында жарыстың 4-ракеткалары, жергілікті теннисшілер Фиона Кроули – Мэдисон Сигті камбэк жасап, қапы қалдырды – 5:7, 6:2, 14:12.
Қазақстандық-америкалық жұп ширек финалда ресейліктер Анастасия Гурьева – Екатерина Хайрутдиновамен шеберлік байқасты. Матч 6:2, 6:4 есебімен Жиенбаева – Бродустың пайдасына шешілді. Бәсеке 1 сағат 23 минутқа созылды.
Соня Жиенбаева – Саванна Бродус финалға шығу үшін венесуэлалық София Елена Кабезас Домингес – америкалық Ерин Кайетаномен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Мысырдағы турнирде бір күнде екі кездесуін жеңіспен аяқтағанын жазған едік.