Дмитрий Попко Аргентинадағы турнирдің ширек финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Әлемнің 358-ракеткасы, қазақстандық Дмитрий Попко Буэнос Айрес 2 (Аргентина) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Попко
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің – 231-ші, осы жарыстың 5-ракеткасы, словакиялық Йозеф Коваликпен шеберлік таластырды.

Бірінші партияда Д.Попко 6:3 есебімен басымдық танытты.

Екінші сетте есеп 5:2 болып, қазақстандық спортшы алда тұрған кезде Ковалик бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Бір сағат 20 минутқа созылған матчта Попко 2 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Ковалик 2 эйс, 2 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алмады.

Дмитрий Попко әлемнің 236-ракеткасы, аргентиналық Андреа Колларини немесе рейтингіде 292-сатыдағы испаниялық Николас Санчес Искердоның қай жеңгенімен таласады.

Қазақстандық теннисші бір апта бұрын Буэнос-Айресте дәл осындай додада финалға дейін жеткен еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның аса тартысты матчта есе жібергенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакинаның бүгінгі матчында рекордтық жағдай тіркелді.

Соңғы жаңалықтар