Қазақстандық теннисші Аргентинадағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 358-ракеткасы Дмитрий Попко Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтіп жатқан челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.

дмитрий попко
Фото: спортшының Instagram парақшасынан

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 236, осы жарыстың 4-ракеткасы, аргентиналық Андреа Колларинидің мысын басты.

Дмитрий Попко екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта қарсыласынан 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. Ол 5 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

А.Колларини 7 брейк-пойнттың екеуін ғана жүзеге асырды.

Дмитрий Попко финалға шығу үшін әлемнің 241-ракеткасы, тағы бір корт иесі Факундо Баньиспен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Испанияда жарыстың бірінші ракеткасын ұтқанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар