07:31, 05 Қазан 2025 | GMT +5
Қазақстандық теннисші Кореяда өткен жасөспірімдер турнирінің финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтіп жатқан ITF Juniors турнирі (J200 санаты) финалына шықты, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Дүниежүзілік жасөспірімдер рейтингінде 25-орында тұрған Заңғар турнирге бірінші ракетка ретінде қатысқан. Жартылай финалда ол оңтүстіккореялық Сион Джиді 6:1, 7:5 есебімен сенімді жеңді.
Финалда Нұрланұлы тағы бір жергілікті спортшы – Мин Хук Чомен кездеседі.
Турнирдің шешуші матчы бүгін, 5 қазанда өтеді.
Айта кетейік, қазақстандық жас теннисші Латвиядағы турнирде үздік шықты.