Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирде чемпион атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Екатерина Дмитриченко түркиялық Ирем Куртпен жұптасып, Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында өткен ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады Sports.kz.

Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирде чемпион атанды
Фото: Sports.kz

Финалда үшінші нөмірмен тіркелген Дмитриченко мен Курт ресейлік Полина Старкова және София Сусловадан 6:2, 6:4 есебімен басым түсті.

Турнирдің алғашқы кезеңінде олар Анна Снигирева мен Алиса Зиатдинованы 6:1, 6:1 есебімен жеңді. Ширек финалда мысырлық Джуди Элькади мен италиялық Аврора Нозейді 6:2, 6:1 есебімен ұтса, жартылай финалда ресейлік Юлия Храмцова мен Елена Уткинадан 6:3, 6:1 есебімен басым түсті.

Дмитриченко мен Курт жарыс барысында өткізген сегіз сетінің барлығында жеңіске жетті. Жүлде қоры 15 мың долларды құраған турнир ашық хард корттарында өтті.

Бұған дейін Жібек Құламбаева Колумбиядағы турнирдің чемпионы атанды. Сондай-ақ теннисші Асылжан Арыстанбекова Түркиядағы жарыста үздік шықты.