21:50, 17 Қараша 2023 | GMT +5
Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирдің финалына шықты
Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Г.Ломакин ресейлік Евгений Филипповпен бірге жартылай финалда германиялық Карло Чубелич пен ұлыбританиялық Джакомо Ревелли жұбымен шеберлік байқасты.
Тартысқа толы өткен матчта қазақстандық-ресейлік жұп 7:6 (7:4), 6:7 (4:7), 12:10 есебімен жеңіске жетті.
Григорий Ломакин мен Евгений Филиппов финалда италиялық Томмазо Компануччи - сербиялық Виктор Йовичпен бас жүлде үшін таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының әлемдік рейтингіде жылды 9-орынмен қорытындылағанын жазған болатынбыз.