Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық Григорий Ломакин Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Kazinform. 

 Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады
Фото: olympic.kz

Әлемнің 794-ракеткасы Г.Ломакин ширек финалда дүниежүзілік рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстікафрикалық Алек Блеклимен тартысты кездесу өткізді.

Матчты жақсы бастаған қазақстандық теннисші бірінші партияны өз есебіне жазды – 7:5. Алайда сол қарқынын жалғастыра алмай, қарсыласына есе жіберді – 3:6, 0:6.

Оңтүстікафрикалық спортшы финалға шығу үшін әлемнің 363-інші, жарыстың 2-ракеткасы, италиялық Самуэль Винсент-Ругьеримен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Франциядағы жарыс жолынан шығып қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар