Қазақстандық теннисшілер Франциядағы турнирде қарсыластарын ойсырата ұтты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисшілер Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин Лилль (Франция) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты. 

Скатов
Фото: skatov_timofey/Instagram

Әлемнің 195-ракеткасы Т.Скатов алғашқы айналымда рейтингіде 294-орындағы корт иесі Кальвин Эмериді оңай жеңді — 6:1, 6:3.

Бір сағат 19 минутқа созылған бәсекеде Скатов 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 263-орындағы, доданы іріктеу сайыстарынан бастаған М.Кукушкин сол қарқынын негізгі жарыста да жоғалтқан жоқ. Ол әлемнің 156-ракеткасы, италиялық Джулио Зеппиериді сүріндірді — 6:3, 6:1. Бұл кехдесу де бір сағаттан астам уақытқа созылды. Кукушкин 2 эйс,.4 брейкпен (14 брейк-пойнт) көзге түсті.

Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін франциялықтар, әлемнің 120-ракеткасы Титуан Дроге және рейтингіде 130-орындағы Люка ван Ашпен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Үндістандағы турнирде жарыстың 1-ракеткасын жеңгенін жазған едік

Соңғы жаңалықтар
Референдум