Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирде үздік шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирде үздік шықты
Фото: _arstnbkva_a_

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық жұп финалда армениялық Ани Амирагян – түркиялық Ада Кумрумен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Армениялық-түркиялық дуэт матчты сәтті бастады – 7:5. Дегенмен бұдан кейін қазақстандықтар ойын тізгінін қолына алды – 6:4.

Супер тай-брейкте Асылжан мен Іңкәр жеңісті жұлып алды – 11:9.

Бұған дейін А.Арыстанбекова мен І.Дүйсебай тамыз айында Астанада Президент кубогы үшін өткен ITF W15 додасында үздік шыққан еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Түркиядағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар
Референдум