Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшілер ширек финалда Испания құрамасымен кездеседі.
Ширек финалдық жұптардың толық құрамы төмендегідей: Қазақстан – Испания
Италия – Қытай
Украина – Бельгия
Чехия – Ұлыбритания
Кездесулер 22-27 қыркүйек аралығында Шэньчжэньде (Қытай) өтеді.
Айта кетейік, осын дейін хабарлағанымыздай, Александр Шевченко Словакиядағы турнирдің жартылай финалына өтті.