Қазақстандық төрт боксшы Странджа турнирінде жарысты аяқтады
АСТАНА. KAZINFORM - Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінің төртінші жарыс күні, 26 ақпанда ел құрамасынан күндізгі сессияда бес боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
23 ақпан-2 наурыз аралығында өтетін турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түрікменстан, Қытай Тайпейі және өзге мемлекеттер бар.
Күндізгі сессияда шаршы алаңға шыққан тоғыз боксшының бесеуі жарыстың келесі сатысына шықты. Олардың қатарында Әнел Сақыш, Элина Базарова, Фарух Тоқтасынов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов бар.
48 келі. Әйгерім Сәттібаева - Ханна Охота (Украина) 0:5
48 келі. Әнел Құдайберген - Сабина Бобокулова (Өзбекстан) 0:5
54 келі. Әнел Сақыш - Ана Ливия Висенте Линхарес (Бразилия) 4:1
54 келі. Жайна Шекербекова - Йоселин Перез (АҚШ) 0:5
54 келі. Элина Базарова - Айшен Ташкын (Түркия) 5:0
70 келі. Фарух Тоқтасынов - Байрамдурды Нұрмұхаммедов (Түрікменстан) 5:0
65 келі. Илья Калинин -Юри Фалькао Рейс (Бразилия) 0:5
70 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы -Джон Макконелл (Ирландия) 5:0
65 келі. Ертуған Зейнуллинов - Маркус Лузер (АҚШ) 4:1.
Енді кешкі сессияда он отандасымыз шаршы алаңға шығады.
Айта кетсек, Қазақстан Болгария астанасы 39 боксшыны аттандырды. Биыл «Странджа кубогы» 77 мәрте өткізіліп жатыр. Бұл турнир Еуропа құрлығындағы тарихи терең спорттық жарыс саналады.