Қазақстандық триатлоншылар әлем кубогының кезеңінде бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық триатлоншылар Гонконгта өтетін әлем кубогының кезеңінде бақ сынайды.

в
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, ерлер арасындағы жарыста Арлан Жаңабай, Дарын Қонысбаев, Аян Бейсенбаев ел намысын қорғайды.

Еске сала кетейік, Арлан Жаңабай 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған еді.

Гонконгтағы жарыс 7-8 қараша аралығында өтеді.

Қазақстандық жүзгіштер Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алғанын жазған едік.

Батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды.