Қазақстандық үш боксшы Futures Cup турнирін жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM - Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Futures Cup халықаралық турнирінде қазақстандық үш боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. 

Қазақстандық үш боксшы Futures Cup турнирін жеңіспен бастады
Фото: ҰОК

Халықаралық турнир 8-15 наурыз аралығында өтеді. Онда ұлдар мен қыздар шаршы алаңға шығады.

Алдымен күндізгі сессияда 54 келіде 1/16 финалда қыздар арасында Марал Төлепберген шотландиялық 󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿Розие Свейлистен 5:0 есебімен басым түсті.

Ал кешкі сессияда 1/32 финал Досжан Жұмақан (60 келі) кениялық Феликс Очиенг Ониангоны 1-раундта айқын басымдықпен жеңсе, 70 келіде Бибарыс Әшірбай тәжікстандық Мухаммад Мамадалиев қапы қалдырды. 

Енді 9 наурызда Ақнұр Тұрсынғали (57 келі), Едіге Нұрқожа (55 келі), Досжан Жұмақан (60 келі), Даниял Шалқарбай (65 келі) шаршы алаңға шығады.

Еске салсақ, бұдан бұрын бокстан жастар арасындағы Futures Cup турниріне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум