Қазақстандық үшінші боксшы әлем чемпионатында алтынға таласады

АСТАНА. KAZINFORM - Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова (50 келі) финалға жолдама алды.

бокс
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы жартылай финалда Солтүстік Корея өкілі Ан Кум Бёлмен қолғап түйістірді. Бірінші және екінші раундта төрешілер Алуаның жеңгеніне қолдау білдірді.

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатында 2022 жылы күміс, 2023 жылы қола алды. 

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Виктория Графеева (60 келі), Назым Қызайбай (48 келі) финалға жолдама алды.

Енді ел құрамасынан Аида Әбікеева (63 келі), Наталья Богданова (70 келі), Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) сынға түседі. 

Ширек финалда Жайна Шекербекова (54 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Надежда Рябец (75 келі) жарысты аяқтады. 

Сондай-ақ оған дейін Анита Адишева (52 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) қарсыластарына есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар