23:35, 14 Мамыр 2025 | GMT +5
Қазақстандық зергерлік бұйымдар Канн кинофестивалінде жарқырады
АСТАНА.KAZINFORM - Әлемдік жұлдыздар, режиссерлер мен дизайнерлер бас қосатын 77-ші Канн кинофестивалі басталды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Фестивальдің алғашқы күнінде-ақ тек кино емес, сәндік бұйымдар да жұртшылық назарын аударды.
Бренд әшекейін реалити шоу жұлдызы Фархана Боди таңдаған.
Ол қызыл кілемге ұлттық қазақы нақыштағы минималистік әшекейлермен безендірілген кешкі көйлекпен шықты.
- Мен қазір қызыл кілемдегі алуан түрлілікті, әлемнің әр бұрышынан келген ерекше образдарды көріп тұрмын. Бірақ шынайы эксклюзивтілік тек көру ғана емес, сонымен бірге тыңдау, -деді журналистерге берген сұхбатында Фархана Боди.
Бұған дейін Бельгия астанасында қазақстандық зергердің көрмесі өткенін жазғанбыз.