Қазақстандық жас конькишілер әлем кубогі кезеңінде алтын және күміс медаль жеңіп алды
Италияның Колальбо қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасында әлем кубогінің екінші кезеңінде Қазақстан құрамасы алтын мен күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kazinform.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, нео-сеньорлар (21 жасқа дейінгілер) арасында 1000 метр қашықтыққа жүгіруден қазақстандық қос спортшы жақсы нәтиже көрсетті.
Инесса Шумекова 1:22.34 уақыт көрсеткішімен чемпион атанса, Арина Ильященко 1 минут 22.61 секунд нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Үшінші орынға Польша спортшысы Магдалена Смедзик (1:23.20) көтерілді.
Тағы бір қазақстандық Алёна Лифатова дәл осы қашықтықта 9-орыннан көрінді.
Еске сала кетейік, бұдан қазақстандық жас шорттрекшілердің әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.