Қазақстандық жас теннисшілер Өзбекстандағы жарыста үздік шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстанның Ферғана қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатының Орталық Азия бойынша іріктеу турнирі мәресіне жетті.Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы үздік өнер көрсетті.

Қазақстандық жас теннисшілер Өзбекстандағы жарыста үздік шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Ел намысын ұлдардан Сырымжан Барлықов (Ақтөбе), Әмірхан Қуанышбеков, Евгений Щетнкиков (екеуі де Алматы) қорғады. Капитаны Руслан Арепринцев.

Қыздардан Мартина Курбатова (Алматы), Мария Гуля, Влада Дегтярь (екеуі де Астана) сынға түсті. Капитаны Зарина Жұмажанова. 

Қыздар Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан командаларымен кездесіп, барлығында жеңіске жетті. 

Ұлдар да осы елдер құрамаларын тізе бүктірді. 

Дода қорытындысы бойынша Қазақстанның қос құрамасы биыл күзде Шымкент қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында өтетін Азия командалық чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Ноттингем турнирінің ширек финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар