Қазақстандық жас теннисшілер жұптық сында Аустралия чемпионатын сәтті бастады

МЕЛЬБУРН. KAZINFORM — Қазақстандықтар Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасында жұптық сында Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады.Ә.Омарханов оңтүстіккореялық Чанджун Киммен бірге екінші айналымға шықты.

теннис
Фото: ktf.kz

Олар бастапқы кездесуінде испаниялық Изан Валентине — нидерландылық Тейс Богардты қапы қалдырды — 6:3, 7:5.

Омарханов пен Ким бір-бірін жақсы біледі. Қос теннисші жекелей сында үшінші айналымда өзара кездеседі.

Осыған дейін екеуі бір рет шеберлік байқасып, онда Әмір жеңген еді.

асылжан арыстанбекова
Фото: ktf.kz

Асылжан Арыстанбекова белоруссиялық Юлия Перепихинамен бірге аустралиялықтар Рени Алэйм — Алана Сибасичті 6:1, 6:3 есебімен ұтып, екінші айналымға өтті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Әмір Омархановтың үшінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар