Қазақстандық жасөспірім теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді
Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Асылжан Арыстанбекова өткен аптамен салыстырғанда, 88-ден 86-орынға көтерілді.
Сондай-ақ Айя Нұпбай - 150 (+9), Полина Слепцова 226-сатыға (+8) жайғасты.
Бозбалалар арасында Әмір Омарханов 100-орында тұр. Даниал Рахматуллаев (129, +5) пен Ерасыл Ерділдә (192, +2) көрсеткіштерін жақсарттты. Виталий Зацепин - 174, Ілияс Маратұлы - 272, Заңғар Нұрланұлы - 325, Дамир Жалғасбай 399-орында келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Қытайдағы турнирді жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Б.Жұқаев екінші айналымда әлемнің 112-ракеткасы, америкалық Александр Ковачевичке жол берді - 4:6, 7:6 (7:1), 0:6.