Қазақстандық жасөспірімдер Германияда өтіп жатқан оқ атудан әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM - Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан оқ атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимимпиадалық комитеті.

Оқ атудан Германиядағы әлем чемпионаты
Фото: Kazinform

Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанған Ринат Казаченко Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Қазақстандық мерген 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі винтовкамен үш қалыпта ату бағдарламасында екінші нәтиже көрсетті. Финалда ол 355,2 ұпай жинады.

Алтын медальді Рохит Каньян жеңіп алды — 355,9 ұпай. Үздік үштікті Патрик Энтнер түйіндеді — 344,0 ұпай.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының осы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі болды.

Осыған дейін Қазақстан командасының эстафетадан Азия чемпионы атанғанын жаздық.