Қазақстандық жеңіл атлет Франциядағы Le Lion турнирінде топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM - Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Дэйзи Джепкемей Францияның Бельфор қаласында өтіп жатқан жартылай марафонның жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.

- Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Дэйзи Джепкемей
Фото: olympic.kz

Ол белгіленген межені 1 минут 07:54 секундта жүгіріп өтіп, бірінші болып келді.

Екінші орынды Угандадан келген Аннет Челангат алды. Оның нәтижесі - 01:09:58.

Сонымен бірге эфиопиялық Меселу Кахсай қола жүлдеге ие болды (01:10:18).

Соңғы жаңалықтар