21:40, 24 Қазан 2025 | GMT +5
Қазақстандық жеңіл атлеттер Манамадағы Азия ойындарының финалында бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM – Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бес өкілі Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына шықты.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 400 метрге кедергілер арқылы жүгірудің іріктеу кезеңінде Маргарита Косинова мен Афина Чолакиди сәтті өнер көрсетіп, жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ 800 метрлік қашықтықта сынға түскен Дмитрий Спаский жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетіп, 2025 жылғы жасөспірімдер Азиадасының финалдық кезеңіне өтті. Қыздар арасында Жалила Қанат пен Диана Салмина финалға жолдама алды.
Еске салсақ, бұған дейін таеквондошы Айым Серікбаева жасөспірімдер Азиадасында топ жарғанын хабарлағанбыз.