22:26, 18 Шілде 2025 | GMT +5
Қазақстандық жұп әртістік жүзуден әлем чемпионатының финалынан тыс қалды
АСТАНА. KAZINFORM – Сингапурде су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Бүгін әртістік жүзуден жұптық сайыс мәресіне жетті.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Қазақстанның атынан техникалық бағдарламаның жұптық сынында Ясмина Тұяқова мен Арина Пушкина өнер көрсетті.
Отандастарымыз жарыс қорытындысы бойынша 249.1542 ұпай жинап, әлем біріншілігін 16-орынмен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін жекелей сайыста Карина Магрупова финалға өткенін хабарлаған болатынбыз.