Қазақстандық журналистер теннистен әлем чемпионатында алтын мен күміс алды

Хорватияда Вели-Лошинь аралында теннистен БАҚ қызметкерлері арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

спорт
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, дүниежүзілік журналистер додасы осымен 45 рет ұйымдастырылды.

Әлем чемпионатында ел намысын Қуандық Шынасылов (Zakon.kz) пен Талғат Қалиақпаров ("Хабар") қорғады.

Жарыс атақты хорватиялық теннисші Иван Любичич академиясының топырақ төсенішіндегі корттарында өтті.

Турнирге 11 елден 70-тен астам ойыншы қатысып, олар жас ерекшеліктеріне қарай бақ сынады.
Қазақстандықтар бір алтын, екі күміс медальға ие болды.

Жекелей сында +55 (фьючерс) санатында Талғат Қалиақпаров жеңімпаз атанды. Ол сондай-ақ Қуандық Шынасыловпен бірге жұптық сында +105 (екеуін қосқанда) жас санатында финалға дейін жетті. Т.Қалиақпаров словакиялық Ольга Кметовамен бірге миксте тағы бір күміске қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Диас Досқараевтың теннисші турнирде қатысу арқылы ғана шыңдалатыны жөнінде айтқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар