Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында ел рекордын жаңартты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы жүзуден Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ел рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі.

Қазақстандық жүзушілер ел рекордын жаңартты
Фото: ҚР ҰОК

Әділбек Мусин, Ғалымжан Балабек, Софья Сподаренко және София Әбубәкірова 4х100 метрге еркін стильде жүзуден аралас эстафетада үшінші орынға ие болды.

Олар 3:35.36 нәтижесімен мәре сызығын кесіп, Қазақстан рекордын жаңартты.

Айта кетейік, қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар