Қазақстандықтар алғашқы стейблкоинді қайда пайдалана алады

АСТАНА. KAZINFORM —Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева теңгеге байланған стейблкоинді пайдалану мүмкіндігі жайында түсіндірді.

стейблкоин
Фото: Midjourney

Оның сөзіне қарағанда, стейблкоинді пайдаланудың негізі мақсаты — халықаралық төлемдер мен аударымдар. 

— Бұл қаржы операциялары өте жылдам жасалады. Ол үшін стейблкоин жобасы жүзеге асырылды, яғни стейблкоин қызметтерінде нан мен су сияқты күнделікті алатын тауар үшін төлеудің қажеті жоқ. Бұл үшін бізде кәдімгі теңге бар және бұл қарапайым есептеу әдісі саналады. Бұл цифрлық валюта болғандықтан, оны неғұрлым күрделі қызметтерде — басқа елге халықаралық аударымдарда қолданған дұрыс. Мәселен, қызыма ақша аударғым келсе, өз әмиянымды стейблкоинмен толтырып, биржаға тапсырыс бере аламын. Осыдан кейін бұл қаражат Америкаға аударылады да, АҚШ-та жүрген балам доллар күйінде алады, — деді Ләззат Сатиева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда теңгеге байланған алғашқы стейблкоин іске қосылды. 

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов теңгеге байланған алғашқы стейблкоинді қайдан және қалай алуға болатынын түсіндірді. 

Соңғы жаңалықтар