Қазақстандықтар Айдың тұтылуын бақылап отыр

АСТАНА. KAZINFORM — Фесенков атындағы астрофизика институты мамандарының мәліметінше, 7 қыркүйек күні сағат 21:26-да Ай Жердің жартылай көлеңкесіне ене бастады.

Қазақстандықтар айдың тұтылуын бақылауда
Фото: Kazinform

Толық фаза 22:29-да басталып, 23:53-те аяқталады. Ал тұтылудың өзі 8 қыркүйек сағат 00:56-да толық аяқталады.

undefined
Фото: Айгерім Коппаева, Жетісу облысы

Ай толық фазада 1 сағат 22 минут болады және қызғылт түске боялуы мүмкін. Қазақстандықтар 2022 жылдан бергі ең ұзақ Айдың тұтылуын 5,5 сағат бойы бақылайды.

Ай
Фото: Артем Викторов/Kazinform

Тұтылу кезінде Ай сұр-қызыл реңкке ие болуы мүмкін, адамдар оны «Қанды Ай» деп атайды. Астрономдар бұл құбылысты физика және атмосфералық оптика заңдарымен түсіндіреді.

Ай тұтылуы
Фото: Татьяна Корякина/Kazinform

- Бұл Рэлейдің шашырауы деп аталатын белгілі құбылыс: қысқа жарық толқындары (көк және жасыл) Жер атмосферасында шашыраңқы, ал ұзындары (қызыл және қызғылт сары) одан әрі өтіп, сынады, Айдың бетіне жетеді. Негізінде бұл әсер күн батқандағы қызыл түске ұқсайды және мұнда мистикалық ассоциациялар жоқ, - дейді сарапшылар.

Ай
Фото: Татьяна Корякина/Kazinform
Ай
Фото: Татьяна Корякина/Kazinform
Ай
Фото: Татьяна Корякина/Kazinform

Ресейдің еуропалық бөлігінің тұрғындары күннің жартылай тұтылуын көре алатынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар