Қазақстандықтар қалаған валютасын биржадан неге тікелей сатып ала алмайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасының (KASE) басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов қазақстандықтар қалаған валютасын биржадан жеке брокерлік шот арқылы неге сатып ала алмайтынын айтты.

Доллар қимматлашди: валюта айирбошлаш шохобчаларида  курс қандай
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Жеке тұлғалар биржадан жеке брокерлік шот арқылы валютаны тікелей сатып алса тамаша болар еді. Қазір ондай мүмкіндік жоқ. Осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырсыздар ма, — деп сұрады журналист Қазақстан қор нарығының 6 айдағы көрсеткіші туралы баспасөз мәслихатында.

KASE басшысы әзірге ондай жоспарлары жоқ екенін айтты.

— Бұл бағытта жұмыс бастау жоспарда жоқ. Жеке тұлғалармен тікелей іскерлік қарым-қатынас орнатуды тіптен қарастырып отырған жоқпыз. Біздің серіктестеріміз — нарықтағы кәсіби ойыншылар. Біз түпкілікті клиентпен солар арқылы сауда жасаймыз. Әрине түпкілікті клиенттеріміздің қалауы мен қажеттілігі біз үшін маңызды. Өйткені брокерлік ұйымдармен, банктермен жұмыс істейтін инфрақұрылым мен құралдарды түпкілікті клиенттердің қалауына қарай қалыптастырамыз. Бұл банктер мен брокерлік ұйымдардың түпкілікті клиенттерге тиісті қызмет көрсетуіне жағдай жасайды, — деді Әділ Мұхамеджанов.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің KASE мен AIX-ті біріктіру бойынша ұстанымын түсіндірген еді

Соңғы жаңалықтар