Қазақстандықтар мамыр айында неше күн демалады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандықтар мамыр айындағы 31 күннің 12-сінде демалады. Оның үшеуі – мерекелік демалыс, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Бұл айда үш бірдей мемлекеттік мереке аталып өтеді. 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні — бейсенбіге, 7 мамыр — Отан Қорғаушы күні — сәрсенбіге, 9 мамыр — Жеңіс күні — жұма күніне түсіп тұр.
Қалған 9 күн — әдеттегі апта соңындағы демалыс.
Еске сала кетейік, ҚР Еңбек кодексінің 85 бабының 3 тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы. Алайда бұл жолы мамыр айындағы мерекелердің тойлануына орай демалыс күндері жылжытылмайды.
Бұған дейін демалыс күндері күн райы қандай болатынын жазған едік.