Қазақстандықтар медициналық қызметтің 9 пайызын қашықтан алады

АСТАНА.KAZINFORM -  Шалғайдағы және ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділік дәстүрлі түрде қашықтықпен және бейінді мамандардың жетіспеушілігімен шектелді. Телемедицина бұл жағдайды біртіндеп өзгертіп, ірі қалаларға бармай-ақ консультация алуға және сүйемелдеуге мүмкіндік береді.

больница, медицина, врачи, аурухана, дәрігер
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, осы жылдың 11 айында медициналық ұйымдар 3,5 млн қашықтықтан медициналық қызмет көрсетті - бұл көрсетілген көмектің жалпы көлемінің 9,03%-ы.

Мұндай консультациялардың негізгі бөлігі ауыл тұрғындарына қатысты болды. Бұл тек алғашқы консультациялар туралы ғана емес, сонымен қатар қашықтықтан бақылау, диагноздарды нақтылау және пациенттерді сүйемелдеу туралы.

Еліміздің сегіз өңірінде 100-ден астам медициналық ұйым тартылған «Онлайн-медицина» пилоттық жобасы іске асырылып жатыр. Жоба медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және аумақтық теңсіздікті төмендетуге бағытталған.

Айта кетейік, биыл қашықтан 2,7 миллион медициналық қызмет көрсетілді.

2026 жылдан бастап медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер ҚҚС-тан босатылады.

Стационарлардың медициналық қызметтерге арналған тарифтері қайта қаралады.

Соңғы жаңалықтар