Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
АСТАНА. KAZINFORM – Биыл шілдеде қазақстандықтар демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, 9 күн демалады.

6 шілде Астана күні атап өтіледі. Бұған қоса, шілде айында кәсіби мерекелер де бар, алайда олар қосымша демалыс күндерімен бекітілмеген.
Биыл Астана күні жексенбіге түсіп тұр, сондықтан демалыс күні дүйсенбіге, 7 шілдеге ауыстырылады. Бұл қазақстандықтарға ұзақ демалуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл алты күндік жұмыс кестесімен істейтіндерге де қатысты.
Демалыс кестесі:
- Бес күндік жұмыс аптасы: демалыс күндері — 5, 6 және 7 шілде;
- Алты күндік жұмыс аптасы: 5 шілде — жұмыс күні, 6 және 7 шілде — демалыс.
Шілде айында кәсіби және басқа да мерекелер бар. Бұл күндер жұмыс күндері болса да, олар аталып өтіп, тиісті сала қызметкерлері құттықталады.
Кәсіби мерекелер тізімі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 480 бұйрығына сәйкес жарияланған және ол алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енген.
Қазақстандағы кәсіби мерекелер:
2 шілде — Дипломатиялық қызмет күні;
6 шілде — Ұлттық домбыра күні (шілденің бірінші жексенбісі), Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні;
9 шілде — Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні;
10 шілде — Ветеринария қызметкерлері күні;
13 шілде — Ұлттық қауіпсіздік органдары күні, Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні (шілденің екінші жексенбісі);
14 шілде — Нотариат күні;
20 шілде — Металлург күні (шілденің үшінші жексенбісі);
27 шілде — Сауда қызметкерлерінің күні (шілденің төртінші жексенбісі).
БҰҰ күнтізбесі бойынша халықаралық күндер:
6 шілде — Халықаралық кооперативтер күні;
9 шілде — Атыс қаруын жоюдың халықаралық күні;
11 шілде — Дүниежүзілік халық саны күні;
15 шілде — Жастардың дағдыларының дүниежүзілік күні;
18 шілде — Нельсон Мандела күні;
25 шілде — Батып кетудің алдын алу күні;
26 шілде — Мангр экожүйелерін сақтау халықаралық күні;
28 шілде — Вирусты гепатитке қарсы күрестің дүниежүзілік күні;
30 шілде — Адам саудасына қарсы күрестің дүниежүзілік күні; Халықаралық достық күні.
Жақында ғана Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мерекедегі демалыс күнін басқа жұмыс күніне ауыстыру тәртібіне қатысты депутаттық сауалға жауап берген еді.