Қазақстандықтар үй шатырында күн энергиясын өндіріп, пайда таба алады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандықтарға күн энергиясын өндіріп қызығын көріп қана қоймай, сатуға да мүмкіндік беріліп отыр. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлім етті.

 Қирғизистонда энергия тақчиллиги: қўшимча режа борми
Фото: Александр Павский/Kazinform

- Өткен жылы заңнаманы жаңарттық, қарапайым тілмен айтқанда, енді жеке үй тұрғыны шатырға 200 киловаттық күн панельдерін орнатып, оның 100 киловатын өзі тұтынып, қалған 100 киловатты сата алады. Сол сияқты энергия таратушы компания ол энергияны өңірдегі орташа тарифпен сатып алуға міндетті. Сондықтан бұл тиімді механизм деп санаймыз, - деді Сұңғат Есімханов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, қазір шағын бизнес бұл мүмкіндікті белсенді пайдалана бастады.

- Соңғы бір жылда жалпы қуаттылық екі еседен артты. Сондықтан халықты белсенді болуға шақырамыз. Әрине, бұл жерде түсіндіру жұмыстарын күшейтуіміз қажет. Осы бағыттағы жұмысты әкімдіктермен бірлесіп кеңейтеміз деп ойлаймын,- дейді министрдің орынбасары.

Айта кетсек, Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қытай Қазақстандағы жаңартылатын энергетика жобаларына қызығушылық танытқанын мәлімдеген еді. 

Соңғы жаңалықтар