Қазақстандықтар үй жануарларын eGov Mobile арқылы тіркей алады

АСТАНА. KAZINFORM — 25 қарашадан бастап жануарларды тіркеу кезінде иесінің деректерін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы растау мүмкіндігі іске қосылды.

Қазақстандықтар үй жануарларын eGov Mobile арқылы тіркей алады
Фото: Kazinform/ЖИ

Енді деректерді растаудың екі тәсілі қолжетімді:

eGov Mobile арқылы – жануар иесі смартфонындағы қосымшаны ашып, QR-кодты сканерлейді. Осыдан кейін оның ЖСН-і мен аты-жөні жүйеде SMS-хабарламасыз көрсетіледі.

1414 нөмірінен SMS алу арқылы – бұрынғы тәсіл де қолжетімді. Бұл смартфоны жоқ азаматтар үшін ыңғайлы.

eGov Mobile қосымшасын Google Play және App Store арқылы жүктеуге болады.

Жаңа мүмкіндік жануарларды тіркеу рәсімін жеңілдетуге және азаматтардың уақытын үнемдеуге бағытталған.

Айта кетелік елімізде үй жануарларын ұстау ережелері өзгерген еді.