Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады

АСТАНА. KAZINFORM – Желтоқсан айында 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн, ал 6 күн жұмыс істейтін азаматтар 6 күн демалады.

тәуелсіздік күні
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Желтоқсан айындағы басты мереке 16 желтоқсан – Тәуелсіздік дүйсенбіге келіп тұр. Мерекеге орай 5 күн жұмыс істейтін азаматтар 14,15,16 желтоқсан үш күн қатарынан демалады. 6 күндік жұмыс кестесі бойынша 14 желтоқсан жұмыс күні, ал 15 және 16 желтоқсан – демалыс.

Жыл соңы 31 желтоқсан – жұмыс күні.

Еске сала кетсек, биыл елімізде бірнеше кәсіби мерекелер пайда болды. 14 тамыз – ҚР Қарулы күштерінің кәсіби мерекелерінің тізбесіне жауынгерлік даярлық маманы күні енгізілді. 

1 қазан — Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні. 

Сондай-ақ елімізде IT-саласы қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтетіні белгілі болды.