Қазақстандықтар жинақтарын қай банктерде сақтағанды жөн көреді

АСТАНА. KAZINFORM – Сауалнама нәтижелері бойынша қазақстандықтар арасында Kaspi Bank жинақ сақтауға тиімді болып отыр. Екінші орынға Halyk Bank жайғасқан.

Рейтинг банков РК
Коллаж: Kazinform

Freedom Finance Global компаниясының «Қазақстан Республикасы халқының жинақ тәжірибесі» тақырыбында жүргізген зерттеуі көрсеткендей, қазақстандықтар жинақтарын сақтау үшін көбіне Kaspi Bank қызметіне жүгінеді екен. Үшінші орынға Home Credit тұрақтаған.

Кейінгі орындарда:

4 орын-Отбасы Банкі

5 орын-Банк ЦентрКредит (BCC)

6 орын-жауап беру қиын

7 орын-Forte Bank

8 орын-Eurasian Bank

9 орын-Jusan Bank

10 орын-Bereke Bank

Осыған дейін қазақстандықтар банктердің «экологиялық қамқорлығы» үшін қанша төлейтінін жазғанбыз.

Сондай-ақ 22 шілдеден бастап күмәнді ақша аударымдарын бұғаттала бастайтыны хабарланды.