Қазақстанды көлемді антициклон жабады - 30 қаңтарға арналған ауа райы

Республиканың оңтүстік, солтүстік бөліктері атмосфералық ағындар аймағына жатады, олармен бірге жауын-шашын (көбінесе қар), екпінді жел, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с-қа дейін көтерілуі ықтимал.
Алматы облысының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ, Алакөл көлдерінің ауданында - желдің 15-20 м/с-қа дейін жылдамдықпен соғуы күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман түсуі ықтимал, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейе түседі.
Маңғыстау облысының кейбір жерлерінде көктайғақ, желдің 15-20 м/с дейін көтерілуі мүмкін.
Атырау облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің 15-20 м/с-қа дейін жылдамдықпен соғуы, күндіз кейбір жерлерде бұрқасынды желдің көтерілуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде түнде бұрқасынды желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Ақтөбе облысының кейбір жерлерінде 18 м/с жылдамдықпен соғатын жел болады.
Қостанай облысында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түсуі күтіледі.
Жақын тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан облысындағы төменгі таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су деңгейлерінің ауытқулары байқалады. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде елеулі өзгерістер болмайды.