12:02, 07 Қаңтар 2012 | GMT +5
Қазақстандық аграршылар азық-түлік тауарларының негізгі түрлеріне деген сұранысты 67 пайыз қамтамасыз етті
АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - 2011жылдың қаңтар-қыркүйек айларында агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы қосымша құнының нақты көлем индексі 111 пайызды құрады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінен Pm.kz.
«Ал 2011 жылдың қаңтар-қазан айларында қазақстандық кәсіпорындар азық-түлік тауарларының негізгі түрлеріне деген сұранысты 67 пайыз қамтамасыз етті», - делінген ведомство хабарламасында.
Оған қоса, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған бір адамның еңбек өнімділігі 3,8 мың долларды құрап отыр, болжам бойынша бұл көрсеткіш 3,6 мың долларды құрайды деп жоспарланған болатын.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, 2011 жылы аграрлық саланың экспорттық үлесі 2 пайызды құрады.